«Шахтер» командасы елордадағы «Астана-арена» стадионында Израильдің «Маккаби Тель-Авив» клубымен кездесті.
Ойынның бірінші кезеңінде екі команда бір-бірінің қақпасына шабуыл жасады. Дегенмен таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Екінші кезеңде израильдік клуб алға қарай ұмтылды. Оған қаарғандылық футболшылар лайықты қарсылық көрсетті. Есесіне ойынның 73-минутында «Шахтер» ойыншысы Идрис Умаев есеп ашқан еді. Одан кейін 73, 77-минуттарда израильдік Аврам Рикан
мен Эден Шамир мергендік танытып, осылайша «Маккаби Тель-Авив» алға шықты.
Еске салсақ, Конференция кубогында бұдан бұрын «Шахтер» Румынияның ФКСБ ( бұрынғы атауы «Стяуа») (0:1, 2:1, пенальтиден 5:3) және Украинаның «Колосын» (0:0,0:0, пенальтиден 3:1) орта жолда қалдырып кетті.
Енді екі команда Израильде 26 тамызда тағы бір ойын өткізеді.
Сондай-ақ, бүгін Алматының «Қайраты» сырт алаңда Люксембургтің «Фола» командасымен кездеседі . Ойын елорда уақытымен 23.30-да басталады.