УЕФА Кубогының элиталық раунды: «Қайрат» пен «Тұлпар» командаларының ойын кестелері белгілі болды
«Қайрат» командасы жеребе бойынша «С» тобына түскен болатын. Мұнда алматылықтар «Газпром-Югра» (Ресей), «Эра-Пак» (Чехия) және алаңа иелері «Дьёр» (Мажарстан) командаларымен кездеседі.
Сонымен, Элиталық раундтың «С» тобындағы ойын кестесі төмендегідей: 10-шы қараша:
«Дьеё» (Мажарстан) - «Эра-Пак» (Чехия)
«Қайрат» (Қазақстан) - «Газпром-Югра» (Ресей)
11-ші қараша:
«Дьёр» - «Газпром-Югра»
«Эра-Пак» - «Қайрат»
13-ші қараша:
«Газпром-Югра» - «Эра-Пак»
« Қ айрат» - «Дьёр»
Ойындардың барлығы Мажарстанның Дьёр қаласындағы 2800 орындық «Магвашши Михали» спорт кешенінде өтеді.
Ал «Тұлпар» командасы Элиталық раундтың «Б» тобына түсті. Мұнда қарағандылықтар «Халле-Гооик» (Бельгия), «Железарец» (Македония) және алаң иелері - «Пескара» (Италия) командасымен бақ сынасады.
Сонымен, Элиталық раундтың «Б» тобындағы ойындар кестесі төмендегідей:
11-ші қараша:
«Тұлпар» (Қазақстан) - «Халле-Гооик» (Бельгия) «Пескара» (Италия) - «Железарец» (Македония) 12-ші қараша:
"Железарец" (Македония) - "Тұлпар" (Қазақстан) "Пескара" (Италия) - "Халле-Гооик" (Бельгия) 14-ші қараша: "Халле-Гооик" (Бельгия) - "Железарец" (Македония) "Тұлпар" (Қазақстан) - "Пескара" (Италия)
Бұл топтың барлық ойындары Итальяның Пескара қаласында орналасқан "Джованни Паоло II" спорт аренасында болады.
Басқа топтардың ойындары да 10-15-ші қараша аралығында өтеді.
Кейін, барлық төрт топтың жеңімпаздары ең соңғы турнир - «Төртеудің финалына» қатысып, УЕФА Кубогының иегерін анықтайды. «Төртеудің финалы» турнирі 2016 жылы сәуір айында жеребе бойынша төрт команданың бірінің спорт аренасында өтеді.