УЕФА-ның Еуропа Лигасының топтық ойынында Кержаков соққан үш гол «Зенитке» жеңіс әкелді
деп хабарлайды UEFA.com.
Чехияның «Андерлехтімен» кездесу қарсаңында болған команда ішіндегі ауыс-түйіс, бапкерлер штабын бірегей шешім қабылдауға мәжбүрледі. Алаңның оң қанатындағы ойынды қамтамасыз етуге әдеттегі Александр Анюковтың орнына орталық хавбекте ойнайтын Сергей Семак келді.
Кездесу басталған алғашқы минутта-ақ, Семак қай қанатта болмасын өзіне жүктелген міндетті ақтай алатындығын көрсетті. Оның әуелете берген пасын сәтті пайдаланған Александр Кержаков ойынның 8-ші минутында есеп ашты. Келесі шабуылды сауатты ұйымдастырған «зениттіктер» комбинацияны соңына дейін жеткізе алмады. Кержаков бағыттаған доп «Андерлехттың» қақпашысына дөп тиіп, алаңға қайта серпілді. Арада бірнеше минут өткенде, Данко Лазовичтің күшті соққысы есеп санын ұлғайтты.
Сасып қалған алаң иелері бірінші кезеңде тек бір рет қана қауіпті шабуыл ұйымдастыра алды. Есесіне питерлік клуб спортшылары ойынның 33-ші минутында үшінші гол салды. Бұл жолы тағы да Кержаков ерекшеленді. Оның қақпаға бағыттаған добы алдымен штангаға тиді, содан кейін тор ішінен табылды. Ойынның соңына қарай Керждаков тағы бір тамаша гол салды.
Матч қорытындысы:
Зальцбург - Манчестер Сити 0:2
Ювентус - Лех 3:3
Арис - Атлетико Мадрид 1:0
Байер - Русенборг 4:0
Лиль - Спортинг 1:2
Левски - Гент 3:2
Динамо Загреб - Вильяреал 2:0
Брюгге - ПАОК 1:1
Алкмаар - Шериф 2:1
Динамо Киев - БАТЭ 2:2
Спарта - Палермо 3:2
Лозанна - ЦСКА 0:3
АЕК - Хайдук 3:1
Штутгарт - Янг Бойз 3:0
Хетафе - Оденсе 2:1
Дебрецен - Металлист 0:5
ПСВ - Сампдория 1:1
Карпаты - Боруссия Д 3:4
Севилья - ПСЖ 0:1
Наполи - Утрехт 0:0
Ливерпуль - Стяуа 4:1
Бешикташ - ЦСКА София 1:0
Порту - Рапид Вена 3:0