УЕФА-ның жаңартылған рейтингіндегі Қазақстан құрамасының орны белгілі болды
18:25, 07 Наурыз 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – УЕФА-ның ресми сайты ұлттық құрамалардың футзал бойынша жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы Испания мен Ресей командаларынан кейінгі үшінші орынға жайғасты.
Футзал бойынша УЕФА рейтингі:
1. Испания — 2247,620;
2. Ресей — 2130,453;
3. Қазақстан — 2112,206;
4. Португалия — 2080,694;
5. Әзербайжан — 2030,624;
6. Хорватия — 2003,347;
7. Италия — 1990,683;
8. Чехия — 1924,724;
9. Сербия — 1876,073;
10. Украина — 1861,752;
14. Мажарстан — 1696,669;
21. Беларусь — 1630,686;
41. Израиль — 1115,001.