УЕФА президентi Мишель Платини Чемпиондар лигасының кубогын Лиссабон мэрiне табыстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) президентi Мишель Платини Чемпиондар лигасының кубогын Лиссабон мэрi Антониу Коштаға табыс еттi, деп хабарлайды УЕФА-ның ресми сайты.

Кубокты тапсыру салтанатты рәсiмi Португалия астанасының мэриясында өттi. Оған Португалия футбол федерациясының президентi Фернанду Гомеш қатысты.

Айта кетейiк, Чемпиондар лигасының финалдық матчы 24 мамыр күнi Лиссабонда өтедi.