УЕФА президенті Мишель Платини Қазақстан кубогінің финалын тамашалайды
12:23, 10 Қараша 2013
АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогінің финалдық ойынына бірқатар мәртебелі меймандар келді, деп хабарлайды Sports.kz.
Астанаға УЕФА президенті Мишель Платини, аталмыш ұйымның вице-президенті және Украина футбол федерациясының бұрынғы басшысы Григорий Суркис, Ресей футбол одағының басшысы Николай Толстых келді.
Естеріңізге сала кетейік, финал бүгін 16.30-да «Астана Аренада» өтеді.