УЕФА президентін украинадағы қонақ үйлердің бағасы қатты ашуландырды

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - УЕФА (UEFA) президенті Мишель Платини Еуро 2012 чемпионатының қарсаңында Украинадағы қонақ үйлердің бағасы жағасын ұстатқанын жасырмай айтқан.

Бұл туралы ол Варшавада өткен баспасөз-мәслихатында мәлім еткен, деп хабарлайды Лента.ру.

УЕФА басшысы Украиндағы қонақ үйлердің қымбаттығынан осы елде өтетін еуропа чемпионатына іріктеу ойындарына көрерменнің аз жиналатындығын айтқан. Мәселен, Донецкіде өткен Франция мен Англия құрамаларының арасындағы ойынға ат төбеліндей ғана адам жиналыпты. «Адамдар бағысы ақылға сыймайтын қонақ үйлері бар елге аттап басқысы келмейді. Тәпті журналистердің өзі бізге хабарласып, Украинадан «қалта көтеретін» баспана тауып беруді өтініп жатыр», - дейді ол.

«Украина жаңалықтарының» хабарлауынша, жуырда Львовқа келіп кеткен Платини қаланың қонақ үйлерін аралап, ондағы бағаны арзандатуға құқық қорғау органдарын тарту туралы мәселе көтерген көрінеді. «Үйреншікті 40 еуродан бірден 100 еуроға, тіпті 500 еуроға секіріп кетуге болмайды ғой. Бірде бір өркениетті елде бұлай жасалмайды», - депті Платини.

Естеріңізге сала кетейік, осы жазда Украина мен Польша футболдан еуропа чемпионатының финалдық кездесулерін қабылдайды. Осыны пайдаланған украинадағы қонақүйлердің пысықай қожайындары бағаны 2-3 есеге шрықтатып жіберген болатын. Сәуірдің басында ел президенті Виктор Янукович қарамағындағыларға жүгенсіз кеткен қонақүй иелерін тәртіпке салып, бағаны құрықтауға тапсырма берген болатын