АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат - УЕФА-ның бақылау-тәртіптік сатысы Ресей футбол одағына 35 мың еуро айыппұл салды,
деп хабарлады Утро.ру.
Айыппұл жанкүйерлердің алаңға пиротехникалық заттарды жағып лақтырғаны үшін салынып отыр. Сонымен қатар орыс жанкүйерлері 16 маусым күні Варшавада «А» тобында Ресей мен Грекция кездесуінде шектеу қойылатын мазмұндағы баннерлерді ілген болатын.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.