Еуропалық чемпиондар кубогы (қазір Чемпиондар лигасы ретінде танымал) тарихында ең үздік деп танылған клубтар: мадридтік «Реал», мюнхендік «Бавария» және каталониялық «Барселона».
Қазақстандық клубтар арасында бірінші орында елордалық «Астана» тұр. УЕФА рейтингіндегі орны – 107. Сондай-ақ алғашқы 200 клубтың қатарына «Ақтөбе» енді, тізімдегі орны – 145.
Қарағандылық «Шахтер» - 230, Алматының «Қайраты» - 371, Павлодардың «Ертісі» - 422, Қостанайдың «Тобылы» 432-інші позицияға орналастырылды.
Рейтингіге барлығы 526 клуб енген.
ЕЧК/ЧЛ тарихындағы ең үздік 10 клуб:
1. «Реал»;
2. «Бавария»;
3. «Барселона»;
4. «МЮ»; 5.
«Ювентус»;
6. «Милан»;
7. «Ливерпуль»;
8. «Бенфика»;
9. «Порту»;
10. «Аякс».