УЕФА Ұлттар лигасы: Қазақстан Грузиядан жеңіліп қалды
Жолдастық кездесулердің орнына жаңадан ұйымдастырылып отырған турнир кәрі құрлықтың аутсайдер командаларына да Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігін беретін болғандықтан, ойын қызу да тартысты өтетіні белгілі еді. Дегенмен командалар бірінші таймда есінен айрыла шабуылға лап қойған жоқ. Негізінен тең күрестің куәсі болдық. Кезек-кезек шабуылдағанмен, гол соғудың сәті түспеді.
Өз жанкүйерлерінің көз алдында жеңіс үшін алаңға шыққан қазақстандықтар жіберіп алған голдан соң, шабуылға көп мән беріп, қорғанысты ұмытты. 74-минутта қонақтар қарсы шабуылға дүрсе қоя бергенде, алаң иелерінің қорғаныс шебі тағы да сыр берді. Қақпа түбіндегі қарбаласта қорғаушы Сергей Малый абайсызда өз қақпасына гол соғып алды - 0:2.
Біздің жігіттердің жұбаныш голын соғу үшін жасаған әрекеттері зая кетіп, ойын осы есеппен аяқталды.
Осы жеңістен кейін үш ұпай еншілеген Грузия D лигасының 1-тобында көш бастады.