Жаңа турнир көптеген жолдастық кездесулерді маңызы жоғары ойындарға ауыстырады. Ұлттық құрамаларға деңгейі тең қарсыластармен ойнауға мүмкіндік береді.
55 құраманың барлығы УЕФА рейтингі (А лигасында - 1-12 орын иелері, В лигасында - 13-24 орын иелері, С лигасында - 25-39 орын иелері, D лигасында - 40-55 орын иелері ) бойынша төрт лигаға бөлінген. Әр лигада командалар рейтинг бойынша үш (А және В лигалары) немесе төрт (С және D лигалары) себет орналасты.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы D1 тобына Андорра, Латвия және Грузия құрамаларымен бірге түсті.
Алғашқы турдың ойындары 2018 жылдың 6-8 қыркүйегінде өтеді.
Финалдық кезеңнің жеребесі 2018 жылдың қыркүйегінде тартылады.
Финалдық кезең 2019 жылдың 5-9 маусымы аралығында өтеді.
ЕУРО-2020 өтпелі матчтарының жеребесі 2019 жылдың 22 қарашасында тартылады.
ЕУРО-2020 өтпелі матчтары 2020 жылдың 26-31 мамырында өтеді.