УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында Қазақстан құрамасы 11 қазан күні Алматыда Албаниямен кездеседі. Ал 15 қазанда Минскіде Беларусь құрамасымен ойнайды. Қыркүйек айындағы ойындарда жерлестеріміз Литвадан басым түсіп, беларустардан 1:2 есебімен ұтылған болатын.
Қазақстан құрамасы үш ұпаймен С дивизионының төртінші тобында көш бастап келеді. Екінші орында - Албания, үшінші орында - Беларусь. Төрттікті Литва түйіндеп тұр.
2020/21 УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі қалған ойындар 10/11 және 13/14 қазан, 14/15 және 17/18 қараша күндері өтеді.
«Qazaqstan» телеарнасынан көрсетілетін ойындардың кестесі:
10 қазан - Укарина – Германия. Уақыты: 00:35;
11 қазан - Франция – Португалия. Уақыты: 00:35;
13 қазан - Германия - Швейцария. Уақыты: 00:35;
14 қазан – Беларусь - Қазақстан. Уақыты: 00:35;
«QAZSPORT» телеарнасынан көрсетілетін ойындардың кестесі:
10 қазан - Лихтенштейн- Гибралтар. Уақыты: 21:55;
10 қазан - Испания – Швейцария. Уақыты: 00:35;
11 қазан - Қазақстан – Албания. Уақыты: 18:55;
11 қазан - Англия – Бельгия. Уақыты: 21:55;
11 қазан - Ресей - Түркия. Уақыты: 00:40;
13 қазан - Украина - Испания. Уақыты: 00:45;
14 қазан - Хорватия – Франция. Уақыты: 00:55;