Еуропа лигасында «Базель» мен «Челси», «Фенербахче» мен «Бенфика» кездесетін болды. Алғашқы ойындар бірінші көрсетілген команданың алаңында өтеді. Матчтардың уақыты 25 сәуір және 2 мамыр. Финал 12 мамырда Амстердамда өтеді.
«Фенербахче» (Түркия) - «Бенфика» (Португалия)
«Базель» (Швейцария) - «Челси» (Англия)
Ал Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Бавария»-»Барселона», «Реал»-»Боруссия Дортмунд» командалары кездесетін болды. Алғашқы ойындар бірінші аталған команданың алаңында өтеді. Бірінші матчтар 23-24 сәуірде, қарымта ойындар 30 сәуір - 1 мамырда болады. Финал 25 мамырда Лондонның «Уэмбли» стадионында өтеді.
«Бавария» (Германия) - «Барселона» (Испания)
«Боруссия» Д (Германия) - «Реал» (Испания).