Кездесу "Пьер-Моруа" стадионында өтті.
Ойынның 13-минутында белгиялық Радже Наингголан алыстан шірене тепкен доп қақпа ішінде тулады.
Алайда Уэльс капитаны Эшли Уильямс бұрыштама добын баспен соғып, есепті теңестірді. Бірінші тайм осы есеппен аяқталды.
55-ші минутта форвард Хэл Робсон-Кану үш қорғаушыны алдап өтіп, есепті 2:1-ге жеткізді. Ал 85-ші минутта Сэм Воукс соққан гол ойын тағдырын түбегейлі шешіп тастады - 3:1.
Осылайша Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне алғаш қатысып отырған Уэльс құрамасы жартылай финалға шықты. Аталған кезеңде олардың қарсыласы Португалия болмақ.