ҰЭМ күзге дейін Салық кодексін жетілдіретін нормаларды әзірлейді

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин жаңа Салық кодексінің жарты жылдағы қолданысы тәжірибесі негізінде күзге қарай жаңа заң әзірлейтінін айтты.

Фото: Kazinform / Freepik

Депутат Бақытжан Базарбек Мәжілісті жалпы отырысында вице-министр Азамат Әмриннің есіне жарты жыл ішінде Салық кодексінің қолданыс нәтижелерін қорытындылап, деуптаттардың алдында есеп беруге уәде еткенін еске салып, кәсіпкерлерден түсіп жатқан шағым-ұсыныстарды ескеріп кодекске түзетулер қашан енгізетінін сұрады.

— Әрине, жоспарлап отырмыз. Күзде сіздерге, Құрылтай, заң жобасын алып кіреміз, — деді Азамат Әмрин.

Сондай-ақ, бүгін Мәжіліс әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіретін заң жобасын қарайды.