Титулын алғаш рет Сондерс украиналық Максим Бурсакқа қарсы 30 сәуірде өтетін айқаста қорғайды.
"Бурсакпен жекпе-жегім сәуір айында өтетіні жақсы болды. Бұл ағымдағы жылы шаршы алаңға үш рет шығуыма мүмкіндік береді. Мен шілде айында жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмын. Менің көздегенім Бурсакты жеңіп, жазда Юбенко немесе Головкинмен кездесу. Қарсыласым Головкин болса, кейін тағы бір үлкен жекпе-жек өткіземін", - деді Сондерс.
"Ақылы жекпе-жектерді ұнатамын. Головкинмен "Уэмбли" немесе өзге стадионда кездессем көп табысқа ие болар едім. Соны тағатсыздана күтіп отырмын. Отбасымның жарқын болашағын қамтамасыз ету үшін бокспен айналысып жүрмін", - деп қосты чемпион.