Атап өтілгендей, ағымдағы жылдың 3 қаңтары күні үкіметтік емес ұйымдар арасында гранттар әлеуметтік маңызы бар 11 бағытта 87 тақырып бойынша жарияланған болатын. 202 үкіметтік емес ұйымнан 352 өтініш түсті, қазір олар байқау комиссиясының қарауында. 87 тақырыптың ішінен өтінім түспеген немесе өтінімдер талапқа сай болмаған 23 тақырып бойынша қайта байқау жарияланып отыр. Байқау туралы толық ақпарат Орталықтың ресми сайтында хабарланған.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін көтеру, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу мақсатында 2016 жылы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ құрылған болатын. Орталық оператор ретінде үкіметтік емес ұйымдарға грант бөліп, оның сапалы жүзеге асуын қадағалайды.