«Республикада үкіметтік емес ұйымдар 22 мыңға дейін артты. Кез келген мемлекет әлеуметтік маңызды түйіткілдерді шешуде сенімді серіктестікті қажет етеді. Бұл орайда, қоғамның түрлі саласындағы мәселелерді іштен білетін ҮЕҰ-ға артылар сенім зор. Сондықтан ҮЕҰ белсенділігі – біз үшін қашанда үлкен маңызға ие», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Мадияр Қожахмет Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында елдегі қоғамдық-саяси реформалардың жаңа бағытын жариялағанына, оның ішінде азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуға да басымдық берілгеніне тоқталды.
«Президент қазір Қазақстанның алдында тұрған міндеттер мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізуін, азаматтық қоғам институттарын жүйелі түрде жаңғыртуды талап ететінін айтты. Бұл ретте біз реформаларды әзірлеу және оны жүзеге асыру ісіне қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтарды барынша тартуға жағдай жасап отырмыз. Республикалық және өңірлік деңгейде түрлі диалог алаңдары жұмысын бастады. Бүгінде азаматтық қоғам институттарының қалыптасуы мен нығаюына заңнамалық негіз қаланып, мемлекеттік бағдарламалар қабылданды», - деді комитет төрағасы.
Бұған дейін елордалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Елжан Чупеков жыл басынан бері 486 адам көлік жүргізу құқығынан айырылғанын мәлім еткен болатын.