ҮЕҰ-ның өкілдері жергілікті әкімдерді халық сайлауы тиіс деп есептейді

ТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Жергілікті жерлердегі әкімдерді халық сайлауы тиіс. Ол үшін еліміздің Парламенті «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңды қабылдауы қажет.

Бүгін Астанада өткен «Жергілікті жерлердегі басқару» тақырыбындағы «дөңгелек үстелде» «Ілтипат» қоғамдық ұйымының директоры Табия Жанмұрзина осы мәселені көтерді.

Ұйым басшысы атап көрсеткендей, осыдан 7-8 жыл бұрын бұл заң кеңінен талқыланып, қабылданбай қалған болатын. Сол кезде жергілікті жерлерде әкімдерді сайлау мәселесі аталған заңның қабылданбай қалуына негізгі себеп болды. «Біздіңше, әкімдерді халық сайлауы қажет.Сонда ғана әкімдер халыққа бет бұрып, оның мүддесі үшін қызмет ететін болады. Ол үшін «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңды әлі де жетілдіріп, оны қабылдау үшін барлық жағдай жасау керек деп ойлаймыз. Еліміздегі барлық үкіметтік емес ұйымдар осы заңды талқылау жұмысын жандандырып, оның қабылдануына атсалысу қажет деп есептейміз», - дейді Т.Жанмұрзина.