«Өткен аптада, нақтырақ айтсам, 2 желтоқсанда елімізде «Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы» жаңа заң қабылданды. Осы заң арқылы өзге де заңнамалық актілерге «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» бірнеше өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Жалпылай алғанда, заң Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің ұсынысы бойынша әзірленген Жаңа заңның мақсаты - азаматтық қоғамды әрі қарай дамыту және үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету»,-дей келе вице-министр жаңа заң осы салаға қандай жаңалықтар енгізетін атап өтті.
«Жаңа заңның негізгі бағыттарына тоқталсам, біріншіден, жаңа заңмен гранттар бөлу мәселесі қарастырылған. Яғни, елімізде, жаңа заң осыған дейін болмаған қаржылық құрал - үкіметтік емес ұйымдарға бағытталған гранттар бөлу мәселесін қарастырылып отыр. Бұл гранттар үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларын қаржыландыруға және өздерінің дамуына жұмсалады деп ескерілген. Осы гранттарды үйлестіру үшін оператор енгізіліп отыр. Бұл оператордың жұмысы еліміз үшін ашық, анық болады және қызметі белгіленген тәртіппен реттелетін болады. Айта кететін жайт, осындай операторлар көптеген елдерде бар», - деп атап өтті вице-министр.