Спортшылар таразыда 126 фунт (57.15 келі) көрсетіп, шекті салмақ лимитін орындады.
30 жастағы Асу Алмабаев UFC-дің ең жеңіл салмақтағы рейтингісінде 8-шы орында, ал 31 жастағы португалиялық файтер Манель Капе (20-7-0) 6-шы орында тұр.
Айта кетейік, Асу-Манель айқасы 2 наурыз күні Лас-Вегаста (АҚШ) ұйымдастырылатын UFCVegas 103 кешінің басты жепе-жегі ретінде өтеді.
Бұл Асудың UFC-дегі бесінші жекпе-жегі. Ол өткен жылы UFC Fight Night 245 турнирінде бразиялиялық Матеус Николауды (19-5-1) төрешілер шешімімен жеңген болатын.