Эдуард Базровтың айтуынша, Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегі 21 қарашада Катарда өтеді. Дегенмен қазақстандық спортшының қарсыласы әзірге белгісіз.
Бастапқыда Алмабаевтың Брэндон Ройвалмен кездесуі жоспарланған. Алайда америкалық файтер отбасылық жағдайына және жеңіл жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартқан.
Бапкер жаңа қарсыластың есімі жақын арада белгілі болатынын айтты. Ол ықтимал кандидаттарды атаған жоқ, өйткені жекпе-жекке келісімшарт әлі жасалмаған. Базровтың сөзінше, Алмабаевқа рейтингі жоғары файтерлердің бірімен кездесу кепілдендірілген.
Асу Алмабаев UFC-дегі соңғы жекпе-жегін маусым айында өткізіп, америкалық Чарльз Джонсонды (20-9) үшінші раундта сабмишнмен жеңген.
Айта кетейік, Асу Алмабаев 31 тамыз күні Ыстанбұлда джиу-джитсу және грэпплингтен өткен турнирде чемпиондық титул жеңіп алды.