Бұл туралы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ерлан Қарин өзінің Инстаграм парақшасында жазды.
«2 желтоқсан күні таңертең Qazsport арнасының эфиріне қосылып, Австралияда өтетін UFC турнирін бірге тамашалайық. Бі үшін бұл басты оқиға - Ол Дамир Исмағұлов бауырымыздың UFC алаңына тұңғыш шығуы», - дейді Ерлан Қарин.
Жекпе-жек 2 желтоқсанда таңғы 05:30 шамасында басталады.
Еске сала кетсек, бұған дейін жеңіл салмақтағы M-1 Global экс-чемпионы Дамир Исмағұлов 2 желтоқсанда Аделаидтағы дебюттік кездесуін ешқашан жеңілмеген автралиялықпен өткізетінін хабарлаған болатынбыз. Дамир Исмағұлов(16-2-0) октагонда бірде-бір мәрте жеңілмеген Алекс «Хитмэн» Джорджеспен (7-0-0) бақ сынасады.
UFC турниріндегі алғашқы қазақ Дамир Исмағұловтың қарсыласы көз арбасу кезінде қорқытпақ болған еді. Алайда спортшы бұл бопсаға мән бермейтінін жеткізді.