Оның қарсыласы – өзі сияқты UFC-де алғаш рет жекпе-жекке шығып отырған Мелисса Гатто.
Агапова аралас жекпе-жекте небәрі тоғыз айқас өткізіп, соның сегізінде жеңіске жеткен. Соңғы екі жекпе-жегін Invicta FC промоушенінде өткізді.
Гаттоға келетін болсақ, бразилиялық спортшы кәсіби деңгейде алты кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен (төртеуінде мерзімінен бұрын). 24 жастағы Мелисса әзірге тек бразилиялық промоушендерде ғана шыққан.
Айта кетейік, Мария Агапова – UFC лигасына шыққан бірінші қазақстандық спортшы әйел.
Фото: Dave Mandel, Invicta FC