Видео Туиттердегі UFCEspanol парақшасында жарияланды.
Айқас бірінші раундтың 5-секундында аяқталды. Масвидаль секіріп қарсыласының басына тізесімен соққы берді. Соққының күшінен Аскрен ауыр нокаутқа түсті.
Бұған дейін аралас жекпе-жек тарихында ешкім қарсыласын 5 секундта жеңбеген.
Айта кетейік, жекпе-жек Лас-Вегас қаласында (АҚШ, Невада штаты) өтті. 34 жастағы Масвидаль кәсіби мансабындағы 34-ші жеңісіне қол жеткізді. Бұдан тыс 13 рет жеңілген. Ал оның құрдасы Аскрен алғаш рет жеңіліп отыр. Ол бұған дейінгі 19 жекпе-жегінің бәрінде басым түскен болатын.