Бұл туралы mmajunkie.com. американдық порталы хабарлады.
Жексенбіге ауған түні Лас-Вегаста (АҚШ)өткен жекпе-жекте төрешілердің бірауызды шешімімен Леснар жеңіске жетті. 38 жастағы американдық үш раунда да Ханттан басым түскен.
Портал ақпараты бойынша, Леснардың қарсыласы 700 мың доллар алады. Алдыңғы рекорд жеңіл салмақтағы UFC абсолютті чемпионы ирландиялық Конор Макгрегорға тиесілі еді, ол американдық Нейт Диаспен шайқасқаны үшін 1 миллион доллар алған.