Уфологтар Қазақстанда көшпенділер мен келімсектер байланысқа шыққан орынды тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда күлгін түсті Ақжар таулары бар. Уфологтардың пайымынша, көшпенділер өзге планета тұрғындарымен осы жерде байланысқа шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Экспресс-К» басылымына сілтеме жасап.

Борлы Ақжар таулары Ұлытауға жақын жерде орналасқан. Күлгін түс табиғатта сирек кездеседі. Мұндай түс тауда кішкентай аметист кристаллдарының көп түсуі нәтижесінде болуы мүмкін, деп жазды «Экспресс-К» газеті.

Тенгриандық сенім заманында Ақжар таулары қасиетті деп саналған. Көне түрік аңызына сәйкес, осы шыңдардан адамдарға құдайлардың ұлдары түскен. Белгілі «Космопоиск» тобының уфологтары көшпенділер алғаш рет өзге планета тұрғындарымен осы жерде кездесті деп санайды.

Ежелгі заманда шумерлер - көне түріктер кіші ануннака құдайларына сенген. Олардың сеніміне қарағанда, олар адам тағдырын шешу үшін көктен жерге қуылған. Заманауи уфологтар көне түріктер ануннака деп өзге планета тұрғындарын атаған деп есептейді. Ал Ақжар таулары - бұл «жұлдызды десантты» жерге түсіретін орын болуы ықтимал. Өзге планета тұрғындары көне түріктермен өз өркениетін құрып, оларға металлургия саласында білім беруі мүмкін. Жасы үш мың жылға бағаланған көне еріту орындарының бірі Жезқазған маңынан табылған. Ақжар тауы соның маңында орналасқан.

Уфологтар ануннакалар Ливандағы Баальбек ғибадатханасын салды деп санайды. Оның фундаменті әрбірінің салмағы 800 тоннаны құрайтын үш плитадан тұрады. Озық технологияларды пайдаланып та мұндай үйіндіні жылжыту мүмкін емес.