Уганда өзеніндегі апат салдарынан 50 адам мерт болды

АСТАНА. Тамыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Угандада кемелер соқтығысуы салдарынан 50 адам мерт болды. Оқиға елдің шығыс бөлігіндегі Конгомен шекаралас аймақтағы Альберт өзенінде орын алды. Бұл жөнінде бүгін жергілікті құқық қорғау органының өкілдері хабарлады. Олардың айтуларына қарағанда, кемеде 70-тен 80-ге дейін адам отырған, дегенмен оның нақты санын ешкім білмейді, деп хабарлайды РБК.

Дәл қазіргі уақытқа дейін 5 адам құтқарылып, 17 адамның денесі табылған. Уганда полициясының айтуынша, құтқару шаралары әлі де болса жүргізіліп жатқанымен, ендігі жерде тірі қалғандар табылады дегенге үміт аз. Адамдардың кемеде болуы мүмкін деген санмен есеп жасағанда, 50-ден астам адам опат болды.

Құқық қорғау органдарының болжамы бойынша, шағын кеменің апатқа ұшырауына оның салмағының тым ауырлап кеткені себеп болған. Техникалық көрсеткіш бойынша, ол 40 адамның салмағына дейінгі жүкті тасымалдауға арналған.