Қайғылы оқиға бейсенбі күні кешке Капчорва округіне қарасты Чеквати ауылында болған.
Полицияның мәліметінше, автобус ел астанасындағы бастауыш мектептердің бірінің оқушыларын Сипи сарқырамасына ұйымдастырылған экскурсиядан кері алып келе жатқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, кері қайтар жолда жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан автобус жолдан шығып кетіп, жол жиегіндегі үлкен жартасқа соғылып, аударылған.
— Қолдағы мәліметке сәйкес, кері қайтар жолда автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған. Автобус жолдан шығып, жол жиегіндегі үлкен жартасқа соғылып, аударылды, — деді Жол қозғалысы және жол қауіпсіздігі басқармасының ресми өкілі Майкл Кананура.
Апат салдарынан бірнеше адам түрлі деңгейде жарақат алды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Құқық қорғау органдары жол-көлік оқиғасының нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеуді жалғастырып жатыр.
Осыған дейін Угандадағы жол апатынан 14 адам қаза тапқаны туралы жаздық.