Угандадағы жол апатынан 14 адам қаза тапты

АСТАНА.KAZINFORM — Угандада жолаушылар автобусы мен жүк көлігінің соқтығысуынан 14 адам қаза тауып, 28 адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды БЕЛТА.

Фото: Белта

Басылымның мәліметі бойынша, жергілікті полиция Уганданың солтүстігіндегі Кампала-Гулу тас жолында болған жол апаты туралы хабарлады.

Алдын ала тергеу Isuzu жолаушылар автобусының жүргізушісі жылдамдықты асырып, жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіден аулақ болуға тырысқан кезде көлікті басқара алмай, қарсы келе жатқан Mercedes-Benz Actros көлігімен соқтығысқан.

Полиция сонымен қатар 14 адамның оқиға орнында қаза тапқанын растады. Тағы 28 адам ауыр жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаларға емделуге жеткізілді.

Жол-көлік оқиғалары Угандадағы қоғамдық қауіпсіздіктің күрделі мәселесі. Полиция соңы өліммен аяқталатын апаттарды жылдамдықты асыру, басып озу және жүргізушінің немқұрайлылығымен байланыстырады.

Айта кетейік, 22 жастағы Астана тұрғыны Бурабайда квадроцикл жүргізіп бара жатып қайтыс болды.