«Оқиға 22 желтоқсанның кешінде орын алды. Бұл кезде балықшылар аулаған балықтарын алып, жағаға шығуға дайындалып жатқан. Қайықтың ішінде 47 адам болды, сондай-ақ базарда сатуға арналған балық тасымалданған. Айлаққа жақындаған кезде, қайық аударылып кеткен», - деп мәлімдеді Рунга кентіндегі порт қызметкері Ашраф Оромо.
Оның айтуынша, 30 адам қаза тапқан, 12 адам құтқарылды, қалғандары із-түссіз жоғалған.
Альберт көлі Африкада көлемі жағынан жетінші орында, Ніл өзенінің жоғары жағының су жүйесіне кіріп отыр. Ол Уганда мен Конго Демократиялық Республикасының шекарасында орналасқан. Көлдің ұзындығы – 160 шақырым, ені – 30 шақырым. Тереңдігі – 51 метр.