Испаниядағы Валенсия қаласында өткен бәсекеде ол осы қашықтықты 26 минут 38 секундта бағындырды. Бұл 2010 жылдан бері кениялық жеңіл атлет Леонард Комон ұстап келе жатқан рекордтан 6 секундқа жылдам нәтиже.
Угандалық соңғы шақырымды 2 минут және 45 секундтан аз уақытта жүгіріп өтті.
23 жастағы Чептегеи – биылғы жылы 10 шақырымдық қашықтыққа жүгіруден әлем чемпионы және 2017 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.