Бұл мәліметтерді бүгін Мәжіліс депутаттарының сайлауына қатысты қалың көпшіліктің ой-пікірлерін білу мақсатында екінші рет өткізіліп отырған зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен таныстырған «Демократия институты» ғылыми-зерттеулер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі жобасының директоры Юлия Кучинская мәлім етті.
Оның деректеріне қарағанда, «Мәжіліс депутаттарының сайлауында дауыс бересіз ба?» деген сауалға сайлаушылардың 69,3 пайызы сенімді түрде «иә» деп жауап берген. Ал 10 пайыз халық дауыс беруге қатысуы мүмкіндіктерін айтқан. Осылайша үгіт-насихат науқаны кезінде сайлаушылардың белсенділігі 8,6 пайызға артып отыр.