Уго Чавес әлемдегі ең биік сарқыраманың атауын өзгертті

None
АСТАНА.  Желтоқсанның   21-і. ҚазАқпарат - Венесуэла  президенті жексенбі күні  жасаған мәлімдемесінде,     елдің  оңтүстігіндегі Боливар  штатының аумағында  орналасқан    Анхель   сарқырамасы   бұдан былай   Чурум Меру  деп  аталатынын  жария етті. 

 1930 жылы    ұшқыштың арқасында  әлемге аты танылған   Анхель    сарқырамасының    американдық    ұшқыш   Джимми  Энджелдің есімімен  аталуына   кейіген    Уго  Чавес  осындай мәлімдеме  жасады,    деп хабарлайды    «Маяк»  радиосы.

«Егер осы атауды әлі  де қабылдай берсек,    бұл жерде     оларға дейін    ешкімнің тұрмағанын    мойындаған  боламыз.   Энджелдің    бұл   маңға аяқ басқан    алғашқы адам  деп   мойындап, сарқыраманы  оның  есімімен  атауға  еш негіз жоқ.  Біз      сарқыраманың атауын   өзгертуіміз керек»,  деп мәлім  еткен      ел басшысы, бұдан   былай  оны қолдағандардың барлығы   сарқыраманы басқаша емес, Чурум Мери  сарқырамасы  деп   атаулары керек екенін   айтты.

Сарқыраманы   1910 жылы    зерттеуші Эрнесто  Санчес ашқан    деп  саналады, бірақ  бірқатар тарихшылар  Анхельдің  ашылуын   1927 жылға  телиді.