Уго Чавес өзінің мұрагерін атады

None
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Венесуэла президенті Уго Чавес Гаванада өзіне жасалатын ота алдында ұлттық телеарнадан сөз сөйлеп, төтенше оқиға орын ала қалған жағдайда өз орнын баса алатын адамның есімін атады.

Ол елдің вице-президенті, Сыртқы істер министрі Николас Мадуро, деп хабарлады ресейлік Жаңалықтар агенттігі.

«Николас Мадуро бұл жағдайда конституцияға сай қимыл жасауы (Чавес елде болмаған кездерде ол мемлекет басшысының міндетін атқаратын) қажет. Сонымен қатар, менің нық сенімімше, егерде жаңа президенттік сайлау өткізу қажеттігі туындаған жағдайда сіздер дәл осы адамға өз дауыстарыңызды берулеріңіз керек», - деді Чавес.