Уго Чавес Түрікменстанға ресми сапармен келді

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Венесуэла Республикасының Президенті Уго Чавес кеше, қыркүйектің 6-сында Түрікменстанға алғашқы ресми сапармен келді,

деп  хабарлайды  ИТАР-ТАСС агенттігі.

Ашғабад  Венесуэла  басшысының сапарын  «сындарлы  мемлекетаралық  диалогтың   бастауы,  екі мемлекеттің    көпжоспарлы  ынтымақтастықты дамытуға  деген   ниеттерінің  айғағы»  ретінде бағалап отыр.

Құрбанқұлы  Бердімұхамедов  пен  Уго  Чавестің    ресми кездесуі  дүйсенбіге,    қыркүйектің 7-сінде  жоспарланды,  деп хабарлады   Түрікменстан  басшысының  баспасөз қызметінен. «Мемлекет басшылары       екі  елдің  экономикалық әлеуетінің    негізіндегі келешегі  кемел      ұзақ мерзімдік  экономикалық серіктестіктің   басымдығын  нақтылайды  және     бірқатар   өзекті  мәселелерді  талқылайды», деп күтілуде.