«Империя тірі және бізге бұрынғыдан да бетер қауіп төндіріп отыр. АҚШ базасы ел астанасы Каракастан 20 минуттай жерде орналасқан. Жолдас офицерлер, біздің негізгі міндетімізді орындау үшін - соғысқа дайындалу және халыққа соғысқа дайындалуға көмектесу үшін бір күнді де бос жібермеуіміз керек, себебі бұл баршамыздың міндетіміз», - деп мәлім етті Венесуэла президенті Португес штатындағы Акаригуа қаласында әскерилердің алдында сөйлеген сөзінде.
Чавес сондай-ақ, милиция құрылымдарын құруды жеделдетуді, «революцияшыл студенттерді, еңбекшілерді және әйелдерді» әскери іске оқытуды ұсынды. Чавестің сөзі апта сайын жексенбі күні болатын «Алло, президент» телерадиобағдарламасының эфирінде көрсетілді.