Уго Чавес жаңа мұнай альянсын құруды ұсынды

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Венесуэла Президенті Уго Чавес мұнай алыптарынан құрылған халықаралық ұйым құру идеясын қарастыруды ұсынды. Бұл жөнінде ол ресейлік вице-премьер Игорь Сечинмен телекөпір барысында мәлімдеді.

Уго Чавестің айтуынша, «жаңа ұйымның жұмысы Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының қызметіне еш кедергі келтірмес еді», деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Оның айтуынша, «әңгіме әлем бойынша саны төрт-бесеуден аспайтын мұнай алыптарынан құрылған ұйым құру идеясын талқылау жайында.

Президент ескеріп өткендей, «ОПЕК - бұл қазіргідей алдымен Иракқа, кейін Ливияға қарсы басталған басқыншылық сынды қиын тарихи кезеңде Венесуэла маңызды әрі ұстамды роль атқарған және әлі де атқаратын танымал тарихы бар ұйым», деп жазады ВЕСТИ.ru.