Уго Чавестің денесін бальзамдау идеясы іске аспауы мүмкін
09:57, 14 Наурыз 2013
АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Венесуэла президенті Уго Чавестің мүрдесін бальзамдап, кесенеге орналастыру идеясы іске аспауы мүмкін, деп хабарлайды Утро.ру.
Бұл туралы Венесуэла президентінің міндетін уақытша атқарушы Николас Мадуро хабарлады. Мадуроның айтуынша, Венесуэлаға келген Ресей және Германия мамандары билік көздеріне оның денесін сақтап қалу мүмкін болмайтынын, себебі, бұл жұмысты әлдеқайда ертерек бастау керек болғанын айтты. Есімін жария етпеуді шешкен Венесуэла үкіметіндегі дерек көзі Чавестің денесін бальзамдау идеясы іске аспайтындығы туралы осы аптада хабарлап айтатын болады.
Чавес 5 наурыз күні ауыр онкологиялық аурудан кейін көз жұмды. Венесуэланың билік көздері оның денесін кеңестік басшылар Владимир Ленин мен Иосиф Сталиннің, сондай-ақ қытайлық көшбасшы Мао Цзедунның денелерін сияқты бальзамдамақ болды.