Уханьда коронавирус табылып, локдаун енгізілгеннен бері үш жыл өтті

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үш жыл бұрын Қытайдың Ухань қаласында жаңа типті коронавирус инфекциясы пайда болып, әлемде ең алғашқы локдаун енгізілген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Белгісіз вирус туралы хабар пайда болғаннан кейін Ухань балық базары жабылып, тұрғындарға қаладан шығуға тыйым салынды, көлік қатынасы тоқтады.

Ол кездегі оқиғаны 10 күнде салынған уақытша аурухана еске салады.

«Бұл өте қиын үш жыл болатын. Барлығы жұмыста және өмірде түрлі қиындыққа тап болды», - дейді қала тұрғындарының бірі.

«Әрине, біз қорықтық: ол кезде қаншама адам ауырды! Бірақ кейін ешкім жұқтырмады. Таяуда бірнеше жағдай болды, бірақ ауру симптомдары жеңіл болды. Бұл жыл одан жақсы болады. Қазір біз вирустан қорықпаймыз. Қорқыныш жоқ. Қорғанып, маска тағып жүрміз», - дейді журналистерге егде әйел.

2020 жылдың басында Ухань базары жабылғанына қарамастан жаңа вирус әлемге тез тарады.

Қытай билігі COVID-19 ауыр жағдайының саны елдегі ауруханадарда екі есе төмендегенін хабарлады.

Алайда тек ресми деректер бойынша, 13-19 қаңтарда коронавирус инфекциясынан 12 мыңнан астам адам қаза тапқан.


Фото: Ng Han Guan/AP


Соңғы жаңалықтар