Ұлттық аса қауіпті инфекциялар орталығы Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп, коронавирусты жедел анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалық жүйе әзірледі. Бұған қоса, Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасынан диагностикалық тест жүйелері алынды. Коронавирустық инфекция күдігімен емдеуге жатқызылған және Ухань қаласынан эвакуацияланған барлық 313 адам арнайы зерттеумен қамтылды. Зерттеу қорытындылары бойынша коронавирус анықталған жоқ»,- деді Елжан Біртанов.
Министр Ресей федерациясы мен Өзбекстан Республикасының денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп, Ухань қаласынан эвакуацияланған 8 Қазақстан азаматының денсаулығы да бақылауға алынғанын айтты.
«Олардың денсаулықтары жақсы, коронавирус анықталған жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі халық арасында ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмысын жасауда. Коронавирустық инфекция бойынша call-центрдың тәулік бойы жұмысы қамтамасыз етілді»,- деді ол.
Халқымызды коронавирустық инфекциядан қорғануын қамтамасыз ету мақсатында медициналық бақылауды жалғастыру, қажет болған жағдайда 14 күндік карантинге жатқызуды қамтамасыз етуді сұраймын. Тиісті нұсқаулықтар жергілікті денсаулық сақтау басқармаларына жіберілді.
Халық арасында короновирустық инфекцияның алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет.