Соңғы деректерге сәйкес, У. Хурэлсухқа 67.6 пайыз (815.267), Демократиялық партиядан қатысқан үміткер С. Эрдэнэге – 6 пайыз (72.001), «Дұрыс адам – Электорат» коалициясының үміткері Д. Энхбатаға сайлаушылардың 20.2 пайызы (242.257) дауыс берді.
09:11, 11 Маусым 2021
Ухнаагийн Хурэлсух Моңғолия президенттігіне сайлауда жеңіске жетті
ҰЛАНБАТЫР. МОНЦАМЭ-ҚазАқпарат – Моңғолияда президенттік сайлау аяқталды. Алдын ала мәлімет бойынша, Моңғол Халық партиясынан кандидат Ухнаагийн Хурэлсух көп дауыс жинап, жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Монцамэ агенттігіне сілтеме жасап.