ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы ауқымында Алматыда ағымдағы жылдың екінші жартысында тағы 3 жоба жүзеге асырылады - Мемлекет басшысы

ТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Алматы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға белсенділікпен қосылды. Алматыда 2010-2014 жылдары осы бағдарламаға 16 жоба енгізілді.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев оңтүстік астанадағы метрополитеннің бірінші кезегі құрылысы аяқталуы барысымен танысқаннан кейін еске салды.

«Оның ішінде 4 жоба 2010 жылы іске асты. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 3 кәсіпорын іске қосылды, 2011 жылғы екінші жартыжылдықта тағы 3 жоба іске қосылатын болады», - деп атап өтті Н.Назарбаев.

Елбасы атап көрсеткеніндей, нәтижесінде тек 2001 жылғы бірінші жыртыжылдықта қалада құны 205 миллиард теңгеден астам өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл 2010 жылдың тиісінше кезеңінен 21 жарым пайызға көп. Осы ретте Алматының республикалық көлемдегі үлесі бүгінде 2,7 пайызды құрайды.