ҮИИД мемлекеттік бағдарламасында өнеркәсіптің 6 саласы қамтылған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің үдемелі индустриалды инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасында өнеркәсіптің 6 саласы қамтылған.

Бұл салалардың құрамында 14 басым сектор бар әрі олар екі топқа бөлінген. Бірінші басымдық тобына мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы, агрохимия және азық-түлік өндіру, сондай-ақ қара металлургия енеді. Екінші басымдық тобында - құрылыс материалдарын шығару, түсті металлургия, өнеркәсіпке химикаттар өндіру, ауыл шаруашылығы техникасын, автокөлік, оның бөлшектері мен қозғалтқыштарын шығару секторлары қамтылған.

Бұған қоса, екінші топқа электр жабдықтарын, темір жол техникасын өндіру, тау-кен қазушы, мұнай өңдеуші және мұнай өндіруші өнеркәсіпке арналған машиналар мен жабдықтар шығару кіреді.