Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі осындай мәлімдеме жасап отыр.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жұмыс істеп жатқан барлық кәсіпорындардың есептеріне негізделетін мұндай мониторинг тұрақты негізде жүргізіліп тұрады.
Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жалпы сатып алынған көлемі 1 584 миллиард теңгені құраған, оның ішінде отандық жеткізушілерден - 682,7 миллиард теңгенің тауарлары мен жұмыстары сатып алынған. Мониторинг жүргізілген компаниялар бойынша қазақстандық қамтудың үлесі 43,1 пайызды құрап отыр.
Оның ішінде 336,29 миллиард теңгеге тауарлар сатып алынса, ондағы қазақстандық тауарлардың үлесі - 33 миллиард теңгені, яғни, 9,8 пайызды құрайды, 108,5 миллиард теңгеге жұмыстар сатып алынса, оның 74 миллиард теңгесі, немесе 68,2 пайызы - қазақстандық үлес. Ал 1 139,18 миллиард теңгеге қызметтер көрсетілген, оның 589,94 миллиард теңгесі - қазақстандық қамтудың үлесі.