Басылым Уильям мен Кейттің аталамыш ғимараттан шығып бара жатқан суретін жариялаған, Кембридж герцогинясының қолында жаңа туған сәбиі бар. Естеріңізге сала кетейік, 2 мамыр күні Уильям ханзаданың жұбайы Кейт Миддлтон қыз баланы дүниеге әкелді. Нәрестенің салмағы - 3,71 келі.
08:04, 03 Мамыр 2015
Уильям ханзада мен Кейт Миддлтон жаңа туған сәбилерін жұртшылыққа көрсетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кембридж герцогі мен герцогинясы Уильям ханзада мен Кейт Миддлтон лондондық Киелі Мария госпиталінің Lindo Wing жеке меншік кешенінен шықты, деп хабарлайды Mail Online.