Тәтті тағамды кондитер шеберлері жас жұбайлардың барлық тілектерін ескере отырып әзірледі. Цукаттар мен жаңғақтар қосылған торт 8 қабаттан тұрды. Үстіндегі үш қабатты жас жұбайлар өздеріне алып қалып, қалған қабаттарын бірнеше бөліктерге бөліп, қонақтарға таратқан. Соған қарағанда, ханзаданың достарының бірі өзіне ұсынылған тәттінің бөлігін сақтап қалған, енді содан пайда табуды көздеуде. Ұлыбритания патшайымының арнайы қағазындағы толтырылмаған тойға шақырту тортпен қоса берілген. Бұл лоттың бастапқы бағасы 500 долларды құрайды. Алайда ұйымдастырушылар бұл бағаның 1-2 мың долларға дейін көтерілуі мүмкін дейді. Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын осындай бәссаудада 1981 жылы үйленген Диана ханшайым мен Чарльз ханзаданың тойынан қалған торт тілімі сатылған еді, деп хабарлады segodnya.ua.
17:14, 16 Қараша 2014
Уильям ханзада мен Кейт Миддлтонның үйлену тойындағы бір тілім торт 500 долларға бағалануда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйгілі Julien's бәссауда үйі кезекті сауданы жүргізуге дайындалып жатыр. Шара 5-6 желтоқсан күндері өтеді деп жоспарлануда. Онда үш жыл бұрын Уильям ханзаданың үйлену тойында өз қолымен қонақтарына дәм татырған торттың бір тілімі басты лотқа айналмақ.