Уилл Смит Африкадағы 100 метрлік сарқырамадан секірді
17:38, 13 Наурыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық актер Уилл Смит Африкадағы Замбия мен Зимбабвенің шекарасында орналасқан Виктория сарқырамасында банджи-джампингпен айналысты.
Бұл туралы TMZ басылымы хабарлады.
Актер аяғына ұзын созылғыш арқан байлап, қолына шағын камераны ұстап, көпірден төмен қарай секірді. «Бұл керемет кадр болады», - деді Смит, төмен қарап салбыраған күйі.
Ол 20 жыл бойы осылай секіруді армандағанын айтты.
Виктория - биіктігі 100 метрден, ал ені - бір шақырымнан асатын әлемдегі жалғыз сарқырама. Ол Африканың басты көрікті орындарының бірі болып саналады.