Смиттің Гаваи аралдарындағы үйі өткен жылғы желтоқсанда сатылған болатын. Ол ашық саудаға шығарылған жоқ, сондықтан да баспасөз сатып алушының аты-жөнін бірден анықтай алмады. Бұл бірқабатты ауданы 205 шаршыметр болатын, ішінде үш жатын бөлмесі және үш жуынатын бөлмелері бар үй. Оның 2,8 гектарды алып жатқан аумағында жағажай, бассейн, теннис корты және волейбол алаңқайы бар.
Дмитрий Рыболовлев - ресейлік кәсіпкер, инвестор, белсенді қайырымдылық шаралары қайраткері және француздың «Монако» футбол клубының иесі. Forbes журналының мәліметтері бойынша, миллиардерлердің алғашқы жүздігіне кіреді. Ресейдің ең дәулетті адамдарының тізімінде 13-орында тұр.
Рыболовлев 2010 жылы бақылау акциясы бумасын сатқан «Уралкалий» компаниясының арқасында дәулет жиған.