Уимблдон: Александр Бублик 32 эйс жасап, екінші айналымға шықты
ЛОНДОН. KAZINFORM – Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик камбэк жасап, Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисшінің рейтингіде 78-орында тұрған 18 жастағы чехиялық Якуб Меншикпен матчы бұлай тартысты болады деп жанкүйерлер ойламаған болар. Бастапқы екі сетте Меншик шеберлік танытты – 6:4, 7:6 (7:2). Бұдан кейін ойын тізгінін қолына алған Бублик камбэк жасай алды – 6:4, 6:4, 6:2.
Үш сағат 25 минутқа созылған бәсеке барысында Бублик 32 эйс жасап, 23 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Меншик 14 эйс, 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) шектелді.
Александр Бублик үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 82-ракеткасы, бельгиялық Зизу Бергс немесе рейтингіде 98-орындағы франциялық Артур Казоның жеңгенімен таласады.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 57-сатыдағы Александр Шевченко да әлемнің 16-ракеткасы, франциялық Уго Умбермен бес сеттік матч өткізді. Үш сағат 17 минутқа созылған бұл кездесуде франциялық спортшының бағы жанды – 6:1, 4:6, 7:6 (7:2), 6:7 (3:7), 6:1.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдон турнирінде қазақстандықтардың мүмкіндігі қандай екенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Рыбакинаның басты қарсыластарының бірі Уимблдонға қатысудан бас тартты.